Теміртау, Қазақстан — QazTech технологиялық компаниялар Альянсы Қазақстан кәсіпорындарын жаңғырту және дамыту жобаларымен танымал, сондай-ақ қазақстандық мамандарды қолдау және оқыту бағытында белгілі «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевпен кездесу өткізді.
Андрей Лаврентьев еліміздің ең ірі металлургиялық кәсіпорны – Qarmet-ті дамытудағы мәселелер мен маңызды міндеттерге тоқталды. Компания технологиялық жаңғыртуды, өндіріс тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыруды, өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Жоғарыда айтылған жоспарда, ең алдымен, Қазақстанда жасалған озық технологияларды енгізуге маңызды рөл беріледі.
«Біз өндіріс процесін жақсартуға елеулі мүмкіндік барын көріп отырмыз және осы бағытта отандық ғылым мен инновацияны, қазақстандық табысты технологиялық компанияларды тарту біз үшін өте маңызды. Біз QazTech технологиялық компаниялар Альянсымен ынтымақтастық орнатуға және озық, жасампаз технологияларды енгізуге дайынбыз», — деп атап өтті А. Лаврентьев.
Өз кезегінде Альянсқа мүше технологиялық компаниялар өнеркәсіпті роботтандыру, еңбек қауіпсіздігі, деректерді цифрлық басқару, өндірістік персоналды оқытуға арналған виртуалды және толықтырылған шынайылық, өндірісті және қойма басқаруды автоматтандыру жүйелері сияқты өздерінің озық технологияларын таныстырды.
QazTech қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Axiom Capital компаниясының бас директоры Болат Башеев: «Qarmet басшылығына ашықтық танытып, қазақстандық технологиялық бизнесті дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Біздің технологиялық кәсіпкерлер Qarmet-тің жоспарларына қол жеткізуге көмектесетін өзекті технологияларды ұсынатынына сенімдімін», — деп атап өтті.